Текст
25.11.2024
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Жоғары техникалық колледжінде 1-4 курс студенттері үшін «Есірткісіз өмір! Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттер есірткі, ішімдік және темекінің зияны мен салауатты өмір салтының маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Кураторлық сағат жастарға зиянды әдеттерге қарсы тұруға, саналы шешім қабылдауға және денсаулықты сақтау жолдарын түсінуге бағытталды.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Жоғары техникалық колледжінде 1-4 курс студенттері үшін «Есірткісіз өмір! Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттер есірткі, ішімдік және темекінің зияны мен салауатты өмір...
22.11.2024
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің студенттері Бурабай ауданының ауған жауынгерлерімен - Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Берік Бұланов және Қуандық Жақсылық Шаймұратұлымен кездесті. Кездесу сұхбат түрінде ұйымдастырылып, ардагерлер өз өмірлерінің әсерлі сәттерімен бөлісті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Іс-шара соңында ардагерлер жастарға ізгі тілектерін айтып, жарқын болашақ тіледі.
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің студенттері Бурабай ауданының ауған жауынгерлерімен - Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Берік Бұланов және Қуандық Жақсылық Шаймұратұлымен кездесті. Кездесу сұхбат түрінде...
22.11.2024
Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің педагог- психологы Б.Н.Утегенова «Жігер» жатақханасында қыздарға арналған «Жыныстық тәрбие және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тренингтер мен әңгімелер өткізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тәрбие мен ерте жүктіліктің алдын алу – колледжде жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының маңызды әрі қажетті бағыты. Бұл бағыттағы жүйелі, әрі дұрыс ұйымдастырылған алдын алу шаралары жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға, ата-ана болуға жауапкершілікпен қарауға және әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.
Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің педагог- психологы Б.Н.Утегенова «Жігер» жатақханасында қыздарға арналған «Жыныстық тәрбие және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тренингтер мен әңгімелер өткізді....
21.11.2024
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде бірінші курс студенттерін «Қазақстан – туған жерім» тақырыбында студенттер қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Бірінші курс студенттері өз топтарының және олардың колледжде таңдалған мамандықтың ерекшеліктерін сахналық қойылымдар арқылы таныстырды. Жоғары курс студенттері «Головоломка» мультфильмі желісі негізінде қойылым ұсынды. Іс-шара бірінші курс студенттері үшін колледж өміріндегі ұмытылмас сәттерінің бірі болмақ.
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде бірінші курс студенттерін «Қазақстан – туған жерім» тақырыбында студенттер қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Бірінші курс студенттері өз топтарының және олардың колледжде...
20.11.2024
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бүкіләлемдік балалар күніне орай және «Қауіпсіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында бірқатар мазмұнды, тәрбиелік мәні терең іс-шаралар ұйымдастырылды.
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бүкіләлемдік балалар күніне орай және «Қауіпсіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында бірқатар мазмұнды, тәрбиелік мәні терең іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік пәндер оқытушысы...
18.11.2024
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде адамгершілікке, мәдениетке, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге бағытталған "Менің өмірлік құндылықтарым" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат барысында студенттер алаяқтарға ерікті немесе еріксіз түрде қызмет көрсететін адамдар туралы бейнесюжетпен танысып, дропперлік мәселесінің қоғамға тигізетін зияны мен оған заңдық тұрғыдан жауапкершілік жайлы терең талқылау жүргізді. Кураторлық сағат студенттердің құқықтық сана-сезімін оятып, қоғамға зиян келтіретін әрекеттерге қарсы көзқарасының қалыптасуына ықпал етті.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде адамгершілікке, мәдениетке, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге бағытталған "Менің өмірлік құндылықтарым" тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағат барысында...
15.11.2024
Астана қаласында өткен “AQMOLA POWER-2024” конференциясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің командасы «Эко-архитектура: жаңа әдістер мен технологиялар» жобасын таныстырды. Жоба «Экология және табиғат пайдалану саласындағы бастамалар» бағыты бойынша ұсынылды. Команда құрамында ЭМ-31 тобының студенттері: Кирилл Эскирханов, Мусупжан Абдрахманов, Артем Жак, Данила Хмель және Руслан Афонин болды. Жетекшісі – арнайы пәндер оқытушысы Иван Сергеевич Бондаренко.
Астана қаласында өткен “AQMOLA POWER-2024” конференциясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің командасы «Эко-архитектура: жаңа әдістер мен технологиялар» жобасын таныстырды. Жоба «Экология және табиғат пайдалану саласындағы бастамалар» бағыты...
15.11.2024
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сіздерді ұлттық теңгеміздің төл мейрамымен құттықтаймыз! Теңгеміз - біздің тәуелсіз еліміздің басты рәміздерінің бірі ретінде, ел экономикасының дамуына ықпалдастық ете отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне елеулі үлес қосуын жалғастыра берсін! Мерейлі күні сіздерге береке, табыс және тұрақтылық тілейміз. Ұлттық валютамыз – теңге әрдайым ел байлығының кепілі болып, мемлекетіміздің экономикалық өрлеуіне қызмет ете берсін!
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сіздерді ұлттық теңгеміздің төл мейрамымен құттықтаймыз! Теңгеміз - біздің тәуелсіз еліміздің басты рәміздерінің бірі ретінде, ел экономикасының дамуына...
13.11.2024
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің акт залында Бурабай ауданының прокуроры студенттермен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында әңгімелесті. Студенттерге есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңнама нормалары, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартудың мән-жайлары мен салдары түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің акт залында Бурабай ауданының прокуроры студенттермен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында әңгімелесті. Студенттерге есірткі құралдары мен психотроптық заттардың...
11.11.2024
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында бухгалтерлік-экономикалық пәндер апталығы аясында У-11 және У-12 топтарының студенттеріне арналған «Теңге – ел экономикасының айнымас белгісі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шарада студенттер ұлттық валюта – теңгенің қалыптасу жолдары, оның ел экономикасындағы рөлі мен Қазақстанның қаржы жүйесінің даму тарихы туралы кең көлемде ақпарат алды.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында бухгалтерлік-экономикалық пәндер апталығы аясында У-11 және У-12 топтарының студенттеріне арналған «Теңге – ел экономикасының айнымас белгісі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шарада студенттер ұлттық валюта – теңгенің...