29.01.2021
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің бастамасымен Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Шәкәрімнің өсиеті-адалдық айнасы» тақырыбында кезекті парасаттылық сабағы өткізілді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы адамның адамгершілік қасиеттерін жырлайтын көптеген шығармаларды қамтиды. Сабақ барысында жастар ақынның адами құндылықтары туралы философиялық көзқарастарымен танысты. Өз еңбектерінде ол былай деп жазды: «Адал еңбек, ұжданды сана, шынайы жүрек адамның жақсы өмірінің негізі болуы керек. Міне, бәріне үстемдік ететін үш қасиет. Оларсыз өмірде бейбітшілік пен келісім болмайды». Өткен ғасырда жазылған ойшылдың сөздері бүгінгі күнге дейін қоғам үшін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің басты міндетіміз – жастарды Шәкәрім мұрасының рухани құндылығына баулу.
Қашықтық форматындағы іс-шараларға 120 студент, офлайн форматта 70 студент қатысты. Мұндай парасаттылық сабақтары жас ұрпақты өз мінез - құлқы туралы ойлануға, «қателіктермен» жұмыс істеуге және болашақта бізге, Шәкәрім Құдайбердіұлы мұра еткен адамгершілік және рухани құндылықтарды ұстануға мәжбүр етеді!