Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

12.02.2021 2001 жылы оқу бағдарламасына өзін-өзі тану пәні енгізілді. Сөздің кең мағынасында «өзін-өзі тану» адамның өзінің психикалық және физикалық ерекшеліктерін зерттеуді, сондай-ақ өзін-өзі түсінуді білдіреді. 2 ақпанда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде адамгершілік - рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы – Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы өтті. «Өзін - өзі тану» — басты мақсаты-ғаламшардағы өзінің білімі мен іскерлігін іске асыруға, жаһандану дәуірінде бақытты өмір сүруге, қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, басқа өмір салты бар адамдарды түсінуге, әртүрлі мәдениеттер мен өмірлік тәжірибелерге құрмет көрсетуге қабілетті тұтас, рухани тұрғыдан ағартылған адамды, азаматты қалыптастыру, сондай-ақ балаларды, жасөспірімдерді жалпыадамзаттық құндылықтарға тарту. Әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес, колледжде күн сайын: көрмелер, сайыстар, пікірталастар, жалпы республикалық сабақтар өткізіліп, оларға студенттер үлкен ниетпен белсенді қатысты. Онкүндіктің жабылу қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст