Текст
2025 жылдың 4 сәуірінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде пікірталас клубының жетекшісі А.В. Федоровтың ұйымдастыруымен «Сен және заң» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Пікірсайысқа ПО-12 тобының студенттері В.Носач, А.Хамзина, Ч.Васин және Н.Уразбай қатысып, «Бұл палата Қазақстанды кейбір дәрі-дәрмектерге бақылауды күшейтіп, олардың заңсыз сатылуы мен таралуына қарсы күресті нығайтуға шақырады» деген ұсынысқа қатысты пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында студенттер есірткі заттарының айналымына бақылауды күшейту мәселесін, оған қатысты заңнаманың тиімді және әлсіз тұстарын талқылап, есірткі саудасымен күресу және нашақорлықтың алдын алу жөнінде бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.