Текст
Экологиялық тәрбие мен табиғатқа деген қамқорлықты нығайту мақсатында, Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің «Жігер» жатақханасында тұратын студенттер экологиялық акция ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жатақхана маңындағы аумақты абаттандыру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру болды. Студенттер белсенді азаматтық ұстаным танытып, аумақты тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жүзеге асырды.