Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Миссия, көрініс, стратегия

Көрінісі: Жоғары техникалық колледж – еліміздің индустриялық-инновациялық даму талаптарына сай, жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары білікті инженерлік-педагогикалық ұжымның,  жоғары материалдық-техникалық базасына бай жаңа үлгісі.

Міндеті: Ұлттық және халықаралық деңгейде талап етілетін, өмір бойы өзінің кәсіби және интеллектуалдық әлеуетін дербес жетілдіруге қабілетті, әлеуметтік белсенділік пен азаматтық-отансүйгіштік қаситтеттерге иеленетін  бәсекеге қабілетті, жанжақты жетілдірілген маман қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Жоғарғы колледж дамуының негізгі стратегиялық бағыттары:

  • техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыру (бұдан әрі – ТКБ);
  • ТжКБ-ның қолжетімділігін және оқыту сапасын қамтамасыз ету;
  • еліміздің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына байланысты ТКБ мазмұнын жаңарту;
  • «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту;
  • «Кәсіпқор» НАО әзірлеген мамандарды 2 және 3 деңгейлі оқыту үшін жаңа білім беру бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу;
  • бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
  • оқу орнының әлеуметтік серіктестік моделі шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік еңбек және жұмыспен қамту қызметтері және басқа да құрылымдармен қызметін жетілдіру;
  • білім беру, оқу-әдістемелік жұмыстарды бірыңғай тұтастыққа біріктіру;
  • практикалық оқыту рөлін күшейту;
  • қосымша білім беру, зияткерлік және өндірістік қызметтерді дамыту, орта буын мамандары мен қызметкерлерін қайта даярлау және қайта даярлау, ересектерді оқыту;
  • жоғары оқу орнының оқу үрдісінде және басқару жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу;
  • Кәсіптік бағдар беру жұмысына инновациялық технологияларды еңгізу;
  • Мұғалімдер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейге көтеру.
Жаңартылған күні: 08.04.2019 19:22
Құрылған күні: 14.03.2019 12:47

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст