Текст
14 қазанда Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінде апта сайынғы кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың тақырыбы "Толеранттылық жастардың дүниетанымының нысаны ретінде: біз – сіз және мен" деп аталды.
Кураторлық сағаттың басты мақсаты – ұжымды біріктіру, студенттік ортада достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту. Іс-шара барысында жастардың өзара түсіністігін, сыйластық пен бірлікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер белсенді түрде қатысып, өз ойларымен бөлісіп, толеранттылықтың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.