Текст
Ағымдағы жылдың 15-16 қазан күндері Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің педагог-психологы Б. Н. Утегенова жатақхананың І курс студенттеріне арналған тәрбиелік тренингтер өткізді. “Жатақхана - менің екінші үйім!” және “Сыпайылық - сұлулықтың белгісі” атты тақырыптарды арқау еткен бұл іс-шаралар, жас буынның жаңа ортаға бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, тренингтер студенттер арасында үйлесімді өмір сүру мен өзара түсіністікті нығайту үшін қажетті моральдық және этикалық нормаларды қалыптастыруды көздейді. Бұл кездесулер барысында жастар өзара ынтымақтастық, достық және сыйластық негізінде қарым-қатынас орнатуды үйренеді.