Текст
Ағымдағы жылдың 16-қазанында Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің педагог-психологы Б. Н. Утегенова жатақхананың І курс студенттеріне арналған тәрбиелік тренингтер өткізді. “Жатақхана - менің екінші үйім!” және “Сыпайылық - сұлулықтың белгісі” атты тақырыптарды арқау еткен бұл іс-шаралар, жас буынның жаңа ортаға бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған.