Текст
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ колледждің студенттік өзін-өзі басқару бастамасы негізінде студенттер өз аудиторияларында тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара колледжде еңбек тәрбиесінің ұйымдастырылуының білім беру үдерісіндегі маңыздылығын айқындайды.
Студенттердің бірлесе атқарған еңбектері, олардың ынтымақтастық рухын, жауапкершілік сезімін және еңбекке деген адал көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.