Текст
Ағымдағы жылдың 21-қазан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен есірткіні тұтыну мен таратудың алдын алу, бопсалау, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік шараларын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттермен ашық пікір алмасып, құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстырып, жастардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.