Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде “Сандық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы аясында “Медиақауіпсіздік әлемі” атты кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты - студенттердің медиа қауіпсіздік жөнінде ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Кураторлық сағат барысында келесі аспектілер қарастырылды:
1. Ақпаратпен жұмыс істеу: Студенттер ақпаратты іздеу, қайта өңдеу және сыни бағалау дағдыларын меңгереді.
2. Сыни ойлау: Ақпаратты мәдени және адамгершілік құндылықтар тұрғысынан тереңірек түсіну мен бағалау әдістері ұсынылды.
3. Желідегі қауіптер: Студенттер интернетте кездесетін қауіптер мен заңсыз әрекеттер түрлерімен танысты.
4. Медиа қауіпсіздік ережелері: Қауіп төнген жағдайда қолданылатын шаралар мен көмек көрсету ресурстары жөнінде ақпарат берілді.
5. Желідегі жауапкершілік: Студенттерге желідегі әрекеттері үшін жауапкершілік сезіну қажеттілігі түсіндірілді.
6. Ақпараттық тексеру: Жалған ақпаратты анықтау мен оның шынайылығын тексеру тәсілдері таныстырылды.
Іс-шараның соңында студенттер медиақауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Кураторлық сағаттар студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.