Текст
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде әлеуметтік пәндер оқытушысы А.В.Федоровтың жетекшілігімен “Қазақстанда оқытушыларды жасанды интеллектпен алмастыруға бола ма?” тақырыбында пікір-сайыс ұйымдастырылды. Пікір-сайысқа 1 курс студенттері белсенді қатысып, жасанды интеллектінің білім беру саласындағы маңызы мен әсері туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттердің қызығушылығы пікір-сайыстың танымдық деңгейін арттырды.