Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде облыс прокуратурасы мен Бурабай ауданының өкілдері аудан колледждерінің студенттерімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өткізд

08.11.2024

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде облыс прокуратурасы мен Бурабай ауданының өкілдері аудан колледждерінің студенттерімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Е.Е. Жүсіп жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде Бурабай ауданының прокуроры Б.К.Шерали, Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының подполковнигі Р.Т.Кусаинова, Бурабай ауданы прокурорының орынбасары Н.К.Дасполов, және Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығы жетекшінің м.а. Е.А.Шайкенов жастарды құқық бұзушылықтан сақтандыруға арналған құнды ақпараттарымен бөлісті.                                                                                                      Кездесу барысында студенттер құқық бұзушылықты алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру туралы қажетті ақпараттар алып, мамандардың пайдалы кеңестерін тыңдады. Іс-шара жастарды саналы қоғам құндылықтарын ұстануға шақырып, олардың өмірлік маңызды шешімдер қабылдауына ықпал ететін мағыналы кездесу болды.

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст