Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде кураторлардың әдістемелік бірлестігінің II отырысы өтті. Отырыс тақырыбы – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі бағыттары аясында жастардың рухани құндылықтары мен дүниетанымын тәрбиелеу әдістерін талқылау болды.
Отырыс барысында кураторлар Д.С.Каримжанов, С.В.Шинкаренко, Ж.С.Тюлюбаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны, оны жетекшілік қызметте қолдану және бағдарламаның жас ұрпаққа әсері туралы баяндама жасады.Сонымен қатар, И.В.Воронов, Е.А. Пальчак. А.Т.Хасенова, Е.С.Голубева өз тәжірибелеріне негізделген «Студенттік ұжымды қалыптастыру. Топпен өзара әрекеттестік дегеніміз не?» тақырыбында баяндамаларын ұсынды. Отырыс оқытушыларға жаңа серпін беріп, олардың жастарды тәрбиелеудегі терең міндетін одан әрі айқындай түсті. Әрбір куратор өз тәжірибесін жетілдіріп, топ ішінде ұжымдық рух пен ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды.