Текст
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің акт залында Бурабай ауданының прокуроры студенттермен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында әңгімелесті. Студенттерге есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңнама нормалары, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартудың мән-жайлары мен салдары түсіндірілді.