Текст
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сіздерді ұлттық теңгеміздің төл мейрамымен құттықтаймыз! Теңгеміз - біздің тәуелсіз еліміздің басты рәміздерінің бірі ретінде, ел экономикасының дамуына ықпалдастық ете отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне елеулі үлес қосуын жалғастыра берсін! Мерейлі күні сіздерге береке, табыс және тұрақтылық тілейміз. Ұлттық валютамыз – теңге әрдайым ел байлығының кепілі болып, мемлекетіміздің экономикалық өрлеуіне қызмет ете берсін!