Текст
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде адамгершілікке, мәдениетке, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге бағытталған "Менің өмірлік құндылықтарым" тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағат барысында студенттер алаяқтарға ерікті немесе еріксіз түрде қызмет көрсететін адамдар туралы бейнесюжетпен танысып, дропперлік мәселесінің қоғамға тигізетін зияны мен оған заңдық тұрғыдан жауапкершілік жайлы терең талқылау жүргізді. Кураторлық сағат студенттердің құқықтық сана-сезімін оятып, қоғамға зиян келтіретін әрекеттерге қарсы көзқарасының қалыптасуына ықпал етті.