Текст
Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің педагог- психологы Б.Н.Утегенова «Жігер» жатақханасында қыздарға арналған «Жыныстық тәрбие және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тренингтер мен әңгімелер өткізді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тәрбие мен ерте жүктіліктің алдын алу – колледжде жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының маңызды әрі қажетті бағыты. Бұл бағыттағы жүйелі, әрі дұрыс ұйымдастырылған алдын алу шаралары жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға, ата-ана болуға жауапкершілікпен қарауға және әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.