Текст
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Жоғары техникалық колледжінде 1-4 курс студенттері үшін «Есірткісіз өмір! Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттер есірткі, ішімдік және темекінің зияны мен салауатты өмір салтының маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Кураторлық сағат жастарға зиянды әдеттерге қарсы тұруға, саналы шешім қабылдауға және денсаулықты сақтау жолдарын түсінуге бағытталды.