Текст
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Кездесу барысында Бурабай аудандық ПБ өкілдері заң бұзушылықтың қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізетін кері әсерлерін, құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жүргізді. Жастарға құқықтық мәдениет пен заңды сақтаудың маңыздылығы және сол арқылы қауіпсіз әрі үйлесімді ортаны қалыптастырудың мәні жан-жақты баяндалды.