24 ақпаннан бастап Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде "Мен алғыс айтамын!", Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілуде. Мақсаты: студенттерді мерекенің тарихымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихымен таныстыру. Толеранттылыққа, қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық келісімге, еліміздің тарихи өткені мен дәстүрлеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Мереке қарсаңында Студенттер аудиторияларда, оқу корпустарының фойелерінде, колледж жатақханаларында стендтер дайындады. Бас ғимараттың оқу залында мереке тақырыбы бойынша материалдар жинақталған көрме ашылды.
1 наурызда "Алғыс айту күні" мерекесінің тарихымен байланысты бірыңғай сабақ өткізілді.
Колледж студенттері "Туған өлкеге игі істер" акциясына белсенді қатысып, колледждің еріктілер жасағы педагогикалық еңбек ардагерлеріне және қаланың жалғыз басты зейнеткерлеріне көмек көрсетеді.