«Алғыс айту - жоғары моральдық құндылықтардың бірі» - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Басты мақсатымыз – Қазақстандағы тойланып жатқан мерекелерінің қоғамдағы сенім, келісім мен достықты нығайту.
Іс-шара барысында студенттер көптеген жаңа ақпараттар алды, сондай-ақ әр түрлі халықтардың қазақ жеріне қалай тап болғаны, жергілікті халықтың олардың аман қалуына қалай көмектескені туралы бұрын алған білімдерін еске алды. Қазақ халқына жылуы, құрметі және қонақжайлылығы үшін мың алғыс.
Онкүндіктің аяқталуына орай – «Мен алғыс айтамын»! Алғыс айту күніне орай, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж студенттерінің шығармашылық есептері: эсселері, суреттері жарияланды. Бір апта ішінде жатақхана тәрбиешілері үш ашық іс-шара өткізілді, оған бірінші курстың 150-ден астам студенті қатысты.
Колледждің волонтерлік жасақтары белсенді қызметін жалғастыруда, қала зейнеткерлеріне және педагогикалық еңбек ардагерлеріне көмек көрсетілуде.
Ортақ тарих бүгінде Тәуелсіз Қазақстан аумағында тұрып жатқан 100-ден астам этнос өкілдерін біріктіреді. Төзімділік, құрмет пен бірлік еліміздің және жалпы ұлттың бақытты болашағының кепілі.