Текст
13 желтоқсан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында әр студент Халқымыздың қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында, одан кейінгі кезеңдерде де талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткергені жөнінде шығармашылық көрініс қойып, білектің күшімен, найзаның ұшымен соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір сүріп жатқандығын баяндады. Қанатын кеңге жайған көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз әуен қосып, асқақтай шырқалды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!