Қазіргі заманда технологияның қарқынды дамуы құмар ойындар мен лудоманияның таралуына себеп болып, бұл мәселе, әсіресе, жастар арасында ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Кураторлық сағат шеңберінде осы тәуелділіктердің басты белгілері, олардың адам өміріне тигізетін теріс әсерлері және онымен күресудің жолдары тереңірек талқыланды. Бұл тәуелділіктердің алдын алу – студенттердің психикалық денсаулығын сақтап, олардың әлеуметтік және рухани әл-ауқатын қорғаудағы маңызды қадамы.
Кураторлық сағат барысында студенттер демалыс кезінде тәртіп ережелерін қатаң сақтап, жарақат алу қаупін тудыратын жағдайларға жол бермеуге міндеттелетін хаттамаларға қол қойды. Іс-шара жастардың жауапкершілік сезімін нығайтып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға негізделген.