Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде Наурыз мейрамына орайластырған іс-шаралар жүзеге асырылды!
Студенттер эссе байқауына, зияткерлік олимпиадаларға, кескіндеме, қолөнер және қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастыруға, ұлттық спорт ойындары бойынша жарыстарға қатысты ... би ұжымдарының облыстық челленджіне белсенді қатысты…
Әлеуметтік-экономикалық пәндер ӘБ оқытушыларымен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында диалог өткізілді. Пікірталастар өскелең ұрпақтың бойында ата-аналарды құрметтеу, үлкендерді құрметтеу, қоғамдағы мінез-құлық нормасы ретінде жоғары мәдениет, отбасының беделін арттыру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, үздік отбасылық дәстүрлерді нығайту сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.
Колледж жатақханасында «Наурыз мейрамы - тату көршілердің мерекесі» – жатақханада тұратын студенттер арасында достық қарым – қатнасты нығайтуға бағытталған салтанатты іс - шаралар, сондай-ақ «Үздік бөлме» сайысы өтті.
Ақпараттық пәндер және байланыс әдістемелік бірлестігі «Наурыз мәзірі» презентациялар конкурсын дайындап, өткізді. Ол сайысқа 1-2 курс студенттері белсенді қатысты. Жұмыстары жарқын және мазмұнды болды!
Тілдер мен әдебиеттің әдістемелік бірлестігі қатысушыларды дайындап, «Наурыз-жалпыұлттық бірлік мерекесі» атты мәнерлеп оқу бейне - сайысын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, ал қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиетін білуге арналған «Жеті ата» зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Жеңімпаздар дипломдармен, ал қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Колледж студенттерінің бастамасымен мерекеге арналған құттықтау бейне роликтер жазылып, балалар жылы лебіздерін, тілектерін білдірді. Әр үйге ашық аспан, молшылық және денсаулық тіледі!
Диалоговая площадка на тему «Отбасылық құндылықтар»
«Наурыз мейрамы – тату көршілердің мерекесі» – мероприятие направленное на укрепление дружеских отношений среди студентов: