Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенті Алина Колкова баскетболдан облыстық жарыстарда үздік ойыншы атанды.

11.04.2025

Колледждің қыздар командасы баскетболдан облыстық жарыстарда жақсы дайындық пен спорттық рухтарының арқасында  жоғары деңгейде өнер көрсетті.  ПО-12 тобының студенті Алина Колкова қазылар  алқасы мен көрермендердің нағыз көзайымына айналды.  Ол негізгі ойыншы ретінде сенімді ойын көрсетіп, команданың жоғары нәтиже көрсетуіне атсалысты.   Ойын барысында көрсеткен тактикалық ойлауы мен тұрақты нәтижеге жетуі - оны турнирдің үздік ойыншысы танылуына себепші болды.    Алина тек жеке шеберлігін ғана емес, командасының жеңісіне де айтарлықтай үлес қосты. Алинаны  лайықты атағымен құттықтай отырып, барлық команда мен жаттықтырушысы Кельдиаров Медет Мейрамбаевичке атқарған жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз. Колледжімізді облыс деңгейінде лайықты танытқандары үшін оларға ризашылығымызды білдіре отырып, спорттық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст