Текст
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің №1 жатақханасында тәрбиеші Г.Г. Герасимованың ұйымдастыруымен ауқымды экологиялық акция өтті.Бұл акция студенттердің күш-жігерін біріктіре отырып, қоршаған ортаны қорғау және өздері мен айналасындағылардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ортақ мақсатқа қол жеткізудің сәтті үлгісі болды.