Оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жетілуіне, олардың шығармашылық бастамаларын дамытуға, озық педагогикалық тәжірибені қорытуға және насихаттауға, оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуге, сонымен қатар білім берудегі инновациялық тәсілдерді ынталандыруға ықпал ету мақсатында колледже 30 сәуір күні Zoom платформасында «Педагогикалық шеберлік қырлары» тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді.
Педагогикалық оқулар өткізу колледжіміздің жақсы дәстүріне айналды. Біздің колледждің оқытушылар құрамы әр түрлі. Құрамда педагогикалық жолына жаңа түскен жас оқытушылар, осы салада 40 жылдан астам жұмыс істеген, айтары бар тәжірибелі оқытушылар да бар.
Колледждің 16 оқытушысы мен өндірістіқ о/ш өз сөздерінде білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістеріне тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті