Текст
2025 жылдың 14 сәуірінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі базасында "Бизнеске арналған IТ- шешімдер" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqmola-2025 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға талантты және жаңашылдыққа ұмтылатын студенттерді, оқытушыларды, сарапшыларды және саланың мамандарын біріктіріп, кәсіби шеберлікті дамыту мен техникалық мамандықтарды өңір жастары арасында насихаттауға бағытталды. WorldSkills Aqmola-2025 чемпионаты қатысушылар үшін өз әлеуеттерін көрсетуге және ІТ-индустрияны дамытуда жаңа белестерді бағындыруда үлкен мүмкіндік.