Текст
"Біртұтас тәрбие" тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылдың 14 сәуірінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды қадам!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты-таңдаған мамандығына деген құрметпен қарауды қалыптастыру, кәсіби дамудың маңыздылығын ұғындыру және білім алуға деген ынтаны арттыру. Кураторлық сағат барысында студенттер еңбек мәдениеті, кәсіби жауапкершілік пен тұлғалық дамудың маңызы жөнінде мазмұнды пікір алмасты. Кураторлық сағат олардың болашаққа деген көзқарасына серпін беріп, маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етті