2021 жылғы 28-30 сәуір аралығында Алматы қаласында "ДелаРук-2021" Халықаралық жас тағамдар фестивалі өтті.
Байқаудың мақсаты - "аспаз", "кондитер" мамандарыны4 маңыздылығын арттыру, жалпы аспаздық шеберлікті дәріптеу, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамыту.
Фестиваль тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған.
Аталған іс-шараға "SlowFood" Қазақстан" Халықаралық қозғалысы, «Терра Мадре адамдар мен құрлықтарды біріктіреді", "SlowFood" аспаздар Альянсы қатысты.
Фестиваль қатысушылары: әр түрлі елдердің командалары: қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер, наубайханалар, пиццериялар, таверналар, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері және т. б.
Жоғары техникалық колледж атынан фестивальге ОП-31 тобының студенті («Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы) Тихонова Екатерина қатысты. Жетекшілері – ө/о шеберлері Панова Ю.Ю. және Драбинская О.В.
Екатерина Арт класс бағытының (дайын жұмыстардың экспозициясы, D1-D9 санаты), "Шоколад" композициясы бойынша қатысып, 3 орынға ие болды.