14.05.2021
Біздің халқымызда отбасы әрқашан оның басты рухани тірегі, адами
құндылықтардың, ұрпақтар мәдениеті мен тарихи сабақтастығының
сақтаушысы болды.
Жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14-22 мамыр аралығында
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде осы тамаша мерекеге
арналған түрлі іс-шаралар өтуде. Отбасы мемлекеттің қалыптасуы мен
дамуында, рухани, мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтауда және
арттыруда үлкен рөл атқарады.