20.05.2021
14-22 мамыр аралығында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық
колледжде ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшеліктері туралы "Барлығы махаббаттан басталады" атты талқылама
диалогтар
өтуде. Аталған іс-шараны колледждің психологиялық-
педагогикалық қызметі ұйымдастырып, оған бірінші курстың 200-ден астам
студенті қатысты.
Іс-шара барысында студенттермен жұмыс жасаудың әртүрлі
формалары мен әдістері қолданылды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау,
отбасы мен жақындарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, отбасында өзара
түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады!