03.06.2021
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Зерделі ұрпақ»
ЖҚБ және «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
ұйымдастыруымен "Есірткісіз әлем" семинары өтті.
Семинардың мақсаты-жастарды ақпараттандыру, аурулардың алдын
алу және салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорт
саласындағы бағдарламаларды қолдау және дамыту.
Семинар барысында ұйымдастырушылар есірткі және нашақорлық
деген не? Есірткіні қолданудың салдары қандай ... есірткі дегеніміз не? Олар
адамға қандай теріс әсер етеді? Ресми медицинада есірткі заттар қалай
қолданылады? Олар қандай зиян келтіруі мүмкін…
Ұйымдастырушылардың сөздері әсерлі, мазмұнды болды және жарқын
презентациялық материалдармен сүйемелденді.