11.12.2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дебаттар
2025 жылғы 9 желтоқсанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған дебаттар өтті.
Қатысушылар академиялық адалдық қағидаттарын іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылап, адал оқуға кедергі келтіретін жайттарды анықтап, оларды шешудің өз нұсқаларын ұсынды. Дискуссия студенттердің сыни ойлауын, дәлелдеу қабілетін және өз ұстанымын сенімді қорғау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Дебаттарға ПО-12 тобының студенттері қатысты:
Кирилл Слепченко, Данил Пак, Станислав Тюльков және Никита Шалышкин.
Тәлімгерлер және төрешілер ретінде ПО-22 тобының студенттері:
Данил Конкин және Артём Кучер қатысыты.
Дебаттарды әлеуметтік пәндер оқытушысы Фёдоров Андрей Владимирович ұйымдастырды.
Іс-шара белсенді талқылау атмосферасында өтіп, студенттер арасында адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.