12.12.2025
Жоғары техникалық колледж кітапханасында ТОР-11 тобы студенттерімен «Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, шығарманы талдай отыра отанға, анаға, досқа, адал жарға махаббатты ұғындыру.
Жалпы, әдебиеттің кинодағы рөлін бірнеше қырынан қарастыруға болады. Ең алдымен, әдебиеттің кино тіліне тигізген әсерін, содан соң, көркем әдебиет шығармалары бойынша әлем, қазақ киносында қаншама фильмдердің түсірілгеніне мән беруіміз керек. Студенттердің назарына Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», Михаил Булгаковтың «Мастер мен Маргарита», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің « Қан мен тер» т.б. көркем фильмдер түсірілген классикалық және қазіргі әдебиеттің әдеби туындылары ұсынылды.
Іс-шара барысында студенттер өздерінің эрудициясын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көркем шығармалар желісімен түсірілген отандық және шетелдік фильмдер туралы әңгімелеп берді.