13.12.2025
«Тәуелсіз елім – Қазақстан!» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» тақырыбында шығармашылық жұмыстар байқауы өткізілді.
ПО-12, ОП-11, ЭГС-11, ОП-12 топтарының студенттері Тәуелсіздіктің маңызын сезіну, өз ойларын жеткізу және азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында мини-эссе жазды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар айқындалды, алайда әрбір студент өз шығармасына шынайы сезімдерін, тарихтан алған білімдерін, болашаққа деген үміт-армандарын енгізгенін атап өткен жөн.
🇰🇿 Өткенге және бүгінге деген осындай саналы көзқарас Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Іс-шараны Ахметова Айман Баяхметқызы дайындады.