Текст
13.12.2025
Мамандық таңдау аясында №5 орта мектебінің, №8 гимназиясының, №9 орта мектебінің, Оқжетпес мектебінің, Досов атындағы мектептің және Златополье мектебінің оқушылары колледждің әлеуметтік серіктестері базасында ұйымдастырылған танымдық экскурсияларға қатысты.
Экскурсиялар «Парк Отель Көкшетау», «Әлем+ Отелі» және «Азияқотломаш» ЖШС кәсіпорындарында өтті. Қатысушылар нақты өндірістік процестерді көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, болашақта еңбекке орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет алды.