Текст
15.12.2025
Аптаның дәйексөзі: «Бірлік болмай тірлік болмас» — бірлік жоқ жерде өмір де, болашақ та жоқ.
15 желтоқсанда халық бірлігі мен азаматтық жауапкершілік тақырыбына арналған кураторлық сағаттар өтті.
3–4 курс студенттері үшін еліміздің тарихы мен жетістіктеріне құрмет сезімін, патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған «Мен өз халқымды мақтан тұтамын» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды.
1–2 курс студенттері үшін қоғамдағы келісім, ынтымақ пен өзара түсіністіктің маңыздылығына ерекше назар аударылған «Бірлігі жоқ халықтың болашағы жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Бірлік — біздің күшіміз, ал өз халқымызға деген құрмет — жарқын болашақтың негізі!