Текст
22.12.2025
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Бурабай ауданы Полиция бөлімінің қызметкері 1-курс студенттерімен «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері және олардың құқықтық салдары қарастырылды. Полиция қызметкері студенттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормаларын түсіндіріп, заңдар мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік мәселелеріне, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікке және зиянды әдеттердің алдын алуға ерекше назар аударылды.