Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Жоғары техникалық колледжде 2026 Жаңа жыл мерекесіне арналған жарқын студенттік іс-шара өтті. Мереке «Қар ханшайымы» шығармасының желісі бойынша сахналанған театрландырылған ертегі форматында ұйымдастырылды.

25.12.2025

Жоғары техникалық колледжде 2026 Жаңа жыл мерекесіне  арналған жарқын студенттік іс-шара өтті. Мереке «Қар ханшайымы»  шығармасының желісі бойынша сахналанған театрландырылған ертегі форматында ұйымдастырылды.
Студенттер мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама  дайындады: шебер актерлік ойын, ұқыпты ойластырылған костюмдер , сахналық көркемдеу мен музыкалық сүйемелдеу  нағыз ертегідей атмосфера  қалыптастырды.
Қойылым көрермендерге достық , адалдық , батылдық  және жақсылықтың күші  сияқты маңызды құндылықтарды, әсіресе жаңа жыл қарсаңында ерекше мәнге ие ұғымдарды  еске салды.
Іс-шара  студенттердің шығармашылық әлеуетін  айқын көрсетіп, барлық қатысушыларға мерекелік көңіл күй мен жарқын әсерлер  сыйлады.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға жоғары деңгейде дайындық жасап, колледждің мазмұнды әрі жағымды студенттік өмірін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст