30.12.2025
2025 жылғы 30 желтоқсанда колледжде педагогикалық кеңестің отырысы бекітілген жоспарға сай өтті. Педагогикалық кеңесті колледж басшысы Н.Бектасова ашты.
Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындылары педагогикалық кеңес барысында талқыланды. Жыл бойы оқу-өндірістік қызметті дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру және әлеуметтік серіктестікті нығайту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды. Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыруға белсенді үлес қосқан педагогтердің еңбегі атап өтілді. Педагогикалық кеңесте, күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қарастырылды.
1.Бірінші жартыжылдықтағы оқу-тәрбие, оқу- өндірістік жұмыстардың мониторингі. Усенова Г.Ж., Әуелбеков Е.Е.,Табакова М.А.,Шудабаев Р.М
2.«Студенттердің оқу мотивациясы- сабақтардағы танымдық үдерістің тиімділігін арттыру құралы ретінде» Зубов А.Ю
3. Кәсіподақ комитетінің 2024-2025 оқу жылындағы есебі тыңдалды. Дүйсенбаева Н.С
4.Оқытушылардың рейтингі. Шайкенова Ж.Д
Сондай-ақ оқытушылардың педагогикалық қызмет рейтингі бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.Үздік нәтиже көрсеткен , білім беру үдерісінің дамуына үлес қосқан оқытушылар марапатталды.
Кеңес барысында білім беру қызметінің нәтижелері талданып, жетістіктер мен алдағы жұмыс бағыттары айқындалды
30 декабря 2025 года в колледже прошло заседание педагогического совета в соответствии с утвержденным планом. Педагогический совет открыла директор колледжа Н.Бектасова.