Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

2026 жылғы 05 қаңтарда колледжде “Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект” тақырыбында бірнеше шеберлік-сыныптары өткізілді.

06.01.2026

2026 жылғы 05 қаңтарда колледжде “Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект” тақырыбында бірнеше шеберлік-сыныптары өткізілді. Іс-шара колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арнайы ұйымдастырылды. Шеберлік-сыныптарды  2025 жылдың желтоқсан айында «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» тақырыбында өткен оқыту семинарына қатысқан арнайы пән оқытушылары А.А.Қуандықова, А.Қ.Имангалиева, Ю.А.Орлова, А.Қ.Оразалина өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік-сыныптар барысында ЖИ білім беру саласына енгізудің тиімді жақтары мен оқытудың нәтижелілігін арттыруға арналған арнайы бағдарламалармен жұмыс жасаудың негіздері тәжірибе жүзінде көрсетілді, атап айтсақ Magic School AI, Worksheets.ai, SlideSpeak AI, чат-боттар мен промт-инжиниринг, ChatGPT (OpenAI), Gemini (Google),Present AI, Gamma (презентацияларды генерациялау), Perplexity, Google AI Studio, TTSMaker – дауыстарды генерациялау, Suno – музыкалық композицияларды құру , Kirkey AI, Chem collection, Gamma және т.б. Шеберлік-сыныптарға қатысушылар жаңа ақпараттармен танысып, білім беру үрдісіне жаңашылдық енгізу жолдарын меңгерді.

Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст