Текст
12.01.2026
12 қаңтар
Диалог алаңы
«Бүгінгі саналы таңдау — ертеңгі сенімді болашақ»
Колледжде студенттердің репродуктивті денсаулығы мен өмірлік мақсаттарына арналған диалог алаңы өтті. Ашық пікір алмасу форматында қатысушылар саналы шешімдердің өмір сапасына, денсаулыққа және кәсіби болашаққа әсері туралы ой бөлісті.
Іс-шараға тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімінің студенттері қатысты.
Өзіне, өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Саналылық, ақпараттандырылу және қолдау — табысты әрі үйлесімді өмірге бастар маңызды қадамдар.