Текст
12.01.2026
12 қаңтар
Кураторлық сағат
«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсы!»
Колледжде студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға және қоғамдағы жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті дамытуға бағытталған кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның салдары, сондай-ақ адал әрі әділ әлеуметтік ортаны қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.
Іс-шараға қызмет көрсету саласы мен бухгалтерлік пәндер бөлімінің студенттері қатысты.
Құқықтық мәдениет, жауапкершілік және болашақ кәсіби қызметтегі жеке таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Адалдық, ашықтық және жауапкершілік — қоғамның сенімі мен тұрақты болашағының негізі.