Текст
15.01.2026
Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау мақсатында «SANALY yrpag» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы колледждің жоғары курс студенттері арасында анонимді сауалнама жүргізіп, әлеуметтік зерттеу ұйымдастырды. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайлар мен студенттердің оған қарсы тұруға дайындығы анықталды. Нәтижесінде оқытушылар құрамынан заңбұзушылық фактілері тіркелмеді, ал студенттердің басым бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа деген тұрақты теріс көзқарас қалыптасқаны белгілі болды.