19.01.2026
Облыстық педагогикалық оқулары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 16 қаңтарда Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжінде «ТжКББ жүйесінде мамандарды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде инновациялық технологиялар» тақырыбында облыстық педагогикалық оқулары өтті.
Педагогикалық оқуларда колледж әдіскері К.Уразова «Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және бағалау» тақырыбында баяндама жасап, білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері мен оны бағалаудың тиімді әдістері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Педагогикалық оқуларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскерлер, басшы орынбасарлары қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.