22.01.2026
Бүгінгі таңда, жасанды интеллект технологиялары барлық маңызды салаларда кеңінен қолданылуда. Жасанды интелектті меңгеру – педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыруға, сондай-ақ еліміздің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылғы 22 қаңтарда колледж базасында «Білікті кадрларды даярлау үрдісіне жасанды интеллектті енгізу» тақырыбында Ақмола облысы колледжінің педагогтері арасында «Қызмет көрсету саласы» әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Отырысты «Қызмет көрсету саласы» әдістемелік бірлестігінің төрағасы, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ш.А. Бекпаева ашты. Құттықтау сөз колледж директорының м.а. Г.Ж. Усеноваға берілді. Отырыста «Кәсіби құзыреттерді трансформациялау: білім беру процесіне ЖИ құралдарын енгізу» тақырыбындағы мазмұнды және қызықты шеберлік сыныбын колледждің ақпараттық пәндер оқытушылары К.Н. Посметухова және Е.С. Голубева көрсетті. «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша оқытуда жасанды интеллектті енгізу» тақырыбында «Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж»МКҚК арнайы пән оқытушысы О.К. Баимбетова, «Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша студенттерді даярлау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы М.В. Шепырева, «Мамандықты таңдауда және біліктілікті арттыруда азаматтарды қолдау үшін цифрлық құралдарды дамыту» тақырыбында «Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжінің» өндірістік оқыту шебері В.С. Цветкова баяндама жасады. Отырыста жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша колледждің келесі педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті: О.В. Коломиец, Г.В. Хамидова, Г.А. Хомидова, Е.А. Пальчак, А.А. Мусина. Сондай-ақ, колледждің өндірістік оқыту шеберлері Т.Б. Исаханова және С.В. Шикоренко дайындаған «Заманауи банкеттік қызмет көрсету элементі ретінде фуршет тағамдары: дайындау технологиясы, безендіру және ұсыну» тақырыбындағы шеберлік сыныбы, қатысушыларды қызықтырды. Отырыс соңында қорытынды жасалып, педагогтар өз ұсыныстарын ортаға салды. Барлық баяндамашыларға облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының сертификаттары табысталды.