29.01.2026
23 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы сервистік орталықта Eurasia Group Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған «Digital Agroleaders 2026» республикалық студенттік конкурсының бастапқы кезеңі өтті.
Іс-шара аясында студенттер компанияның қызметімен, агроөнеркәсіп саласындағы заманауи цифрлық шешімдермен танысып, сондай-ақ тағылымдамадан өту, мансаптық өсу және конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Конкурс цифрлық технологияларды, инженерлік және IT-шешімдерді ауыл шаруашылығын дамытуда қолдана алатын жас мамандарды қолдауға бағытталған. Қатысу студенттерге өз идеялары мен әзірлемелерін таныстыруға, сарапшылардан кері байланыс алуға, құнды жүлделер үшін бақ сынауға және кәсіби дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта қатысушыларды жетекші мамандардан мастер-класстар, қашықтықтан өтетін олимпиада және финалдық кезең күтеді. Финалда үздік қатысушылар өз жобаларын ұсынып, жеңіс үшін бақ сынайды.